Жаңалықтар

Әлеуметтік науқан өтеді

"Игі іске бастама" қоғамдық бірлестігі 4 маусымнан бастап "1000 теңгеге - үш киім" әлеуметтік науқанын ұйымдастырғалы жатыр.

Мақсаты - осы науқаннан жиналған қаржыға мүмкіндігі шектеулі аналар мен қыздарға тігін шеберханасын ашу, құрал-саймандар алу ( тігін машинасы, үтік, стол, отырғыштар, қайшы, маталар, ине-жіптер, манекендер және т.б.). Яғни, осы арқылы қаладағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту.