Конкурстар

"Азия-Еуропа" қоры

Мақсаты:
«Азия-Еуропа» форумы (АСЕМ) серіктестерінің адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша ұлттық бағдарламаларды іске асыруды нығайту жөніндегі жұмыстарын қолдау;

Кейс стади (case-study) қағидасы негізінде адам құқықтары саласындағы білім беру саласындағы бірнеше бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына талдау жүргізу және озық тәжірибе мен оларды жүзеге асыруға байланысты мәселелерді анықтау;

Адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын бағалау үшін қолданыстағы практикалық құралдарды, әдістер мен тәсілдерді пайдалану бойынша әлеуетті және құзыреттілікті арттыру;

Адам құқықтары саласындағы білім беру бойынша озық тәжірибе туралы нақты деректерге негізделген ақпарат алмасуға жәрдемдесу.

Қатысу шарттары: өтінімдер, түйіндемелер, ілеспе хат пен ұсыныстар (нысан бойынша) Armi Hannele AARNI және Ms Trishia OCTAVIANO humanrights.seminar@asef.org электрондық поштасына, және көшірмені Yannick BINEAU yannick.bineau@asef.org электрондық поштасына жіберу қажет.

ДЕДЛАЙН: 7 ақпан, 2020 жыл

Толық ақпаратты мына мекен-жай бойынша табуға болады: 
http://www.asef.org/projects/themes/governance/495...