Жаңалықтар

Сахнада ерекше балалар өнер көрсетті

Атырауда алғаш рет Даун синдромы бар ерекше балалар концерт қойды.

image
"Senim. Mahabbat. U’mit" деп аталатын кешке қатысқан ерекше балалар "Бауырсақ" ертегісі кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап қошеметке бөленді.
Сондай-ақ, балалардың орындауындағы заманауи билер мен флешмоб көрермен назарына ұсынылды.
image
image

Аталған кешті 21 наурыз - Халықаралық ДАУН синдромы бар адамдар күніне орай, "Мен бармын!" қоғамдық қоры ұйымдастырды.