Конкурстар

Global Fund for Community Foundations (GFCF)


Global Fund for Community Foundations (GFCF) қоғамдық қайырымдылық қорларды қолдауға бағытталған жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бар екенін хабарлайды. Қоғамдық қайырымдылық ұйымдар, оның ішінде қоғамдық қорлар, әйелдер және экология мәселелеріне бағытталған қорлар, ұлттық қоғамдық қорлар және басқа да грант берушілер 7 000-нан 20 000 АҚШ долларына дейінгі мөлшердегі грантты ұсыну конкурсына қатысуға шақырылады.

🔸Бағдарламаның мақсаты: қоғамдық қайырымдылық ұйымдардың тиімділігі мен ұзақ мерзімде қызмет етуін нығайту мақсатында қолдау көрсету

🔹Шарттары: Латын Америкасы, Африка, Азия, Таяу Шығыс, Шығыс және Орталық Еуропа және Орталық Азияның қоғамдық қайырымдылық ұйымдары, оның ішінде қоғамдық қорлар, әйелдер және экология мәселелеріне бағытталған қорлар, ұлттық қоғамдық қорлар және басқа да грант берушілер.

🔹Өтінім берудің соңғы мерзімі: Өтінімдерді кез келген уақытта ұсынуға болады және олар қаражаттың болуына қарай қарастырылады.

Қосымша ақпаратты globalfundcommunityfoundations.org сайтынан қарай аласыздар