Белсенді ҮЕҰ

«Жеті Жарғы» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Атырау облысы жастарының шығармашылығын арттыруға жағдай жасау, көшбасшылыққа және кәсіпкерлікке баулу, әр түрлі тақырыптағы мәселелерге байланысты әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Құрметұлы Абылай;

Жобалары:1. «Senator» дебат клубы
Жобаның мақсаты- Пікірсайыс қозғалысын дамыту және жастар арасында пікір сайысты танымал ету, жастардың сыни ойлау шешендік қабілеттерін, көшбасышылық зияткерлік дағдыларын дамыту.

Жобаға Атырау облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Орал, Петропавл қалаларынан 32 пікірсайысшы, 16 фракция іріктеліп қатыстырылды. Жобаның ерекшелігі бір Атыраулық пікірсайысшы мен бір шет аймақтан келген пікірсайысшы бір фракция құрап қатыстырылды. Жоба алды қатысушы пікірсайысшылардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді республикаға танымал пікірсайысшы, 30-дан астам республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазы, пікірсайыс оқыту халықаралық ассоциациясының тренері – Уалихан Тұрарбекұлы жүргізді. Телевизиялық жоба аясында өткізілетін пікірсайыс ойынын елімізде кеңінен таралған Американдық Парламенттік форматқа сүйене отырып жүргізілді.