Жаңалықтар

"Жайлы баспана" қайырымдылық кеші өтті

1 желтоқсан күні «Атырау Рауан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жайлы баспана» атты қайырымдылық кеші өтті. Қорға 150-ден астам әлеуметтік жағдайы осал топтағы жанұялар тіркелген. Шараның мақсаты - осы шара арқылы осал топтағы 1 жанұяға пәтер сыйлау үшін қаражат жинау. Қазақы нақышта өткен шарада қазақы қолөнер шеберлерінің түрлі бұйымдары мен «ИЗО» өнер мектебінің 12-14 жас аралығындағы кішкентай шәкірттерінің салған суреттері және қазақстандық «ASU_KZ» өнімдер дүкені бренд сән үйінің киімдерінен қызықты аукциондар болды.
Шараға Қазақстанның эстрада жұлдыздарынан Бейбіт Көшқалиев пен Индира Расылхан шақырылды. Сондай-ақ, түрлі ойындар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.