Жаңалықтар

Ерікті жастар көп балалы анаға баспана салып берді

Атырау қаласындағы Еркінқала елді мекенінде өңіріміздің ерікті жастары көп балалы ана Мейрамгүл Әмірғалиеваға баспана салып берді. Осы уақытқа дейін көп балалы ана жалдамалы шағын үйде тұрған.Көмек ретінде қаражат жинауға Атыраудың тұрғындары ғана емес,Қазақстанның өзге аймақтарының тұрғындары да ат салысқан. Құрылыс материалдарын алуға жергілікті кәсіпкерлер қол созған.
image
image