Жаңалықтар

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Рысқалиевич карантин талаптарын сақтай отырып, ҮЕҰ өкілдерімен кездесті.

Кездесуге «Жанеркем-ай Атырау», «Самға жүрегім», «Красный полумесяц» және т.б қоғамдық қорлардың басшылары қатысты.
Жиын барысында түрлі әлеуметтік топтарға медициналық көмек көрсету бағыты мен келесі жылға жұмыс жоспары жөнінде баяндама жасалды.
Басқарма басшысы Нұрлыбек мырза еліміздегі жағдайға байланысты келер жылға бюджеттен бөлінген қаржы мөлшерін, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым өкілдерімен байланысты нығайту мақсатында бірқатар нақты амалдарды жүзеге асыратынын атап өтті.

Айта кетейік, осы аптада басқарма басшылармен кездесулер ұйымдастырылуда.