Жаңалықтар

Адалдық алаңы: Сыбайлас жемқорлықпен күрес адамзаттың парызы” атты кездесу өткізді.

Атырау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Альфия Адиева қаланың үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен “Адалдық алаңы: Сыбайлас жемқорлықпен күрес адамзаттың парызы” атты кездесу өткізді.
Кездесу барысында “Адалдық алаңы “ кеңсесінің тарихына тоқталып, 7бағыт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
Мәселен, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты мектеп» жобасы аясында Атырау қаласында-15, аудандарда-10 мектеппен  өзара жұмыс жоспары жасақталып, бірқатар шаралар жүзеге асырылған. Жоспарға сәйкес, әр «Парасатты мектеп» кемінде айына 2 шарадан өткізіп,  мамыр айында 282 балаға 18 рет  онлайн сабақ, 2 рет студенттермен пікірталас ұйымдастырылды.


Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру және халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру бағытында қаңтар айында Атырау қаласында және 7 ауданда «Таза қол» акциясы өткізілді. Сонымен қатар, жедел қызмет көліктерінің қатысуымен өтетін парасаттылықты дәріптейтін «Жол бер де, өміріңді құтқар» акциялары екі мәрте өткізіліп, жедел жәрдем қызметі көліктеріне жол бермеген жүргізушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жобалық кеңсемен жүргізілген мониторингтік жұмыстарда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірқатар кемшіліктері анықталды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 27 қаңтар мен 27 ақпан аралығында Атырау қаласындағы 21 мектептердегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту сапасына бақылау жүргізілді. Бұл мониторинг жұмыстарына Атырау облысы білім беру басқармасы өкілдері, облыстық арнайы мониторинг топ мүшелері, облыстық «Нұр Отан» партиясы өкілдері қатынасқан.
Мониторинг нәтижесінде, бірқатар кемшіліктер анықталған, оның ішінде оқушылардың нақты тамақтану рационының перспективті мәзірі және қазіргі күнде жасақталған мәзірлері 14 мектепте сәйкес емес екендігі белгілі болды. Қала орталығында орналасқан «Ретро парк» саябағында  «Атырау Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің шағын жеміс-жидек аллеясы ашылып, онда кеңсе қызметкерлерімен  алма, алмұрт, қара өрік талдары  отырызғылды.
        «Кондукторсыз автобус» атты тағы бір жоба қараша айында іске  қосылмақ. Қаладағы №65,4,21,30А автобустары халыққа кондукторсыз қызмет көрсетеді деп жоспарлауда.




Кездесу қортындысы қонақтардың ұсыныс.пікір ,алғысымен аяқталды.
Бұл жобаның өзі де  атқарылған істері де азаматтардың бойында жауапкершілік пен парасаттылықты қалыптастырады деген нық сенімдеміз.