Белсенді ҮЕҰ

«Ақпарат» қоғамдық бірлестігі

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, балалар құқығын қорғау, балалармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға қолдау көрсету, мемлекеттік жастар саясатының бағытың насихаттау, журналистердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Ақпарат саласы;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Елешева Гүлжан Мырзагерейқызы;

Жобалары:Жазғы балалар туристік лагері жобасы
Жобаның мақсаты - жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, қарапайым өмірде пайдаға асатын туристік дағдыларды, яғни палатка орнату, от жағу, карта бойынша жол табу, компьютер, планшеттерін кейін ығыстырып, құрдастарымен танысып, жаңа достар тауып, өзең жағалауында денесін шынықтыру мақсатында ашылды. «Әрекет» әлеуметтік жобасы аясында «Samruk Kazyna Trust» кооперативтік қорының қолдауымен «Жазғы балалар туристік лагері» өтті. Жоба екі бөліктен тұрады: коммерциялық және әлеметтік .Оқушылар қосымша журналистика, ораторлық шеберлік, шахмат, шашка, қолөнер үйірмелеріне де қатыса алады.