Белсенді ҮЕҰ

«Таңшолпан» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Жастарды жандандыру, әлеуметтік қалыптасу және даму үшін жағдай жасау .
Үкіметтік емес ұйым бағыты - балалар бастамасы және жастар саясатын қорғау.
Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Сағынғали Алтынай Тілекқызы
Жобалары:
 «Таңшолпан» балалар қоғамдық бірлестігі «Өмірде екі жағдайда қателеспеген жөн» тақырыбында жоба өткізді. Жобаның мақсаты - мамандық таңдауда жоғары сынып оқушыларына қателеспеуге, жол сілтеп, дұрыс бағдар көретуге жәрдемдесу

«Таншолпан» балалар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 8-11 сынып қыз балаларымен "Серпілген сауал "әдісімен кездесу өткізілді.Мақсаты қыз балалардың ішкі жан дүниесін білу,қажеттілікке қарай жұмыстар жүргізу.

«Ұлдың жолы- ұлы жол» тақырыбында Қайсар ұлдар кеңесімен бас қосу өткізді. Бас қосудың мақсаты ер балалардың ой пікірлерін білу,белсенділіктерін бағалау .