Жаңалықтар

Атырауда алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлік апталығының ашылуы өтті

Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға 22 әлеуметтік кәсіпкер қатысуда.

Апталық ашылуы өткен алаңда әлеуметтік кәсіпкерлер өз туындыларын көрмеге қойып, көпшілік назарына ұсынды. Шара барысында арнайы комиссия құрылды. Олар әр кәсіпкердің жұмысымен танысып, өз бағаларын берді.
Айта кетейік, 28 маусым – әлеуметтік кәсіпкерлік күніне орай, Аймақтық форум өтеді. Апталықтың қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар марапатталатын болады.