Жаңалықтар

Еріктілер штабы құрылды

Құрметті атыраулықтар!

Коронавирусқа қарсы күрес үшін Азаматтық орталық жанынан Еріктілер штабы құрылды. Штаб мына бағыттар бойынша жұмыс істейді:
1. Авто-еріктілер (тұрғындарға азық-түлік, дәрі-дәрмек таратуға көмек)
2. Медицина еріктілері (жедел жәрдем қызметкерлеріне көмек)
3. Мониторинг жүргізетін еріктілер (азық-түлік бағаларына мониторинг жасауға көмек)
4. Рейдке шығатын еріктілер (полиция қызметкерлеріне көмек)
5. Ерікті тігіншілер (бірнеше мәрте пайдалануға болатын маскаларды тігуге көмек)

Мұндай маңызды сәтте әр адам өз үлесін қоса алады. Тіпті, сіз атқарған кішкентай жақсылық пайдасын тигізуі мүмкін. Біздің қатарымызға қосыл!
Байланыс телефондары:

8775 892 38 94 - Айнагүл Баяндықызы
8775 892 38 34 - Әсемгүл Тұрланова
8775 892 38 74 - Арайлым Аралбаева