Белсенді ҮЕҰ

«Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестігі


Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Балалардың, жастардың, қариялардың, мүгедектердің және басқа да тұрғындардың қорғалмаған бөліктерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғау және жүзеге асыру;

Үкіметтік ұйым емес бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Сейткалиев Даурен Нухович

Жобалары:
1. «Cтуденттік көктем - 2018» фестивалі.
Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облысымыздағы жоғарғы және арнаулы оқу орындары арасында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Студенттік көктем – 2018» фестивалі.(қамтылған адам саны - 350)

2. "Жастар – Отанға!" лагері.
Жобаның мақсаты - Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында құндылықтарды насихаттау және өсіру. Жан жақтан келген жастар арасында жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастар ортасында, танымдық, шығармашылық және қоғамдық әлеуеті ашылған атмосфера қалыптастыру, табысты жас Қазфы МАЯ ақстандықтардың айқын бейнесін көрсету болып табылады. Ресей Федерациясы, Железноводск қаласында, 80 жас көшбасшылардың қатысуымен "Жастар – Отанға!" лагерін өткізді.
(қамтылған адам саны - 80)

3. XIV Облыстық Дельфий ойындары.Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, “Жастар таңдауы – Атырау” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мамыр айының 14 – 15 жұлдызында XIV Облыстық Дельфий ойындары, екі күнге созылып іріктеу кезеңінде қатысушылар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында және Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында сайысы болып өтті.
(қамтылған адам саны - 450)

4. «І облыстық ашық шахмат турнирі» сайысы
Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, “Жастар таңдауы – Атырау” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың қыркүйек айының 21 - ші жұлдызында «Орта және арнаулы оқу орындарында студенттік өзін - өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша қызметтер» жобасы аясында «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бопылдықов Асқар Төребайұлын еске алуға арналған «І облыстық ашық шахмат турнирінен» сайысы өткізілді. (қамтылған адам саны – 100)

5. «I Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы
Тұңғыш рет Атырау қаласында Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жастар таңдауы - Атырау» ҚБ және «Қайыр» қайырымдылық фондының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 7 қарашасында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен «I Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті.
Қайырымдылық гранд балдың мақсаты – жастардың жүрегіне мейірімділік сезімін ұялатып, мамандығына, кәсібіне қарамай өнерге қызығушылығын арттыру. (қамтылған адам саны – 360)
Эл почта: be-free_forever@mail.ru