Жаңалықтар

«Іскер ана» жобасының 2-ші кезеңі аяқталды

Тігінші және массаж мамандықтары бойынша барлығы 23 адам 1 ай көлемінде оқып, сертификат алды.
Айта кетейік, бұл жоба жөнінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде «Атырау облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы» баяндама жасап, биылғы жоспарларда атап өткен болатын.
Мақсаты - көп балалы жұмыссыз аналарды, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдау.
Аталған жоба аясында аналар жаңа мамандықты меңгеру үшін қысқа мерзімді курстарға қатысады. «Ғасыр» оқу орталығы тегін оқытады.

image
Қазіргі таңда курстарға оқуға 410 адам өтініш тапсырған. 47 адам мамандық бойынша курсты бітірді. 53 адам оқытылуда.