Жаңалықтар

«Feel Green» ағаш отырғызу шарасы өтті


«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен «Бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясының аясында «Feel Green» ағаш отырғызу шарасы өтті. Бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат - экологиялық ахуалды жақсарту, қаламызды көгалдандыру, ағаштармен көмкеру, көркейту, гүлдендіру болып табылады.
     Аталған шараға «Болашақ-Атырау» мен «PSN Kazstroy» компаниялары және 13 Үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Шара барысында қатысушыларға тегін көже мен бауырсақтар таратылды.