Жаңалықтар

АУДАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТІК БЕС ҮЗДІК ЖОБА АНЫҚТАЛДЫ

28 қазан күні ҚР «Ақпарат және даму министрлігінің» қолдауы және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшылығымен «Атырау облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасының грант иегерлері анықталды. Бұл жоба «Атырау облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Бұған дейін мемлекет тарапынан бөлінген қайтарымсыз грант туралы халыққа түсіндіру нәтижесінде семинар-тренингтер өткен еді. Бүгін әр ауданнан жиналған әлеуметтік жобалар қорғалып, үздік бес жоба анықталды.
image

Атап айтсақ, Исатай ауданынан Арайлым Қалиева, Алмагүл Еспағамбетова, Дулат Шыманов, Қызылқоға ауданынан Айгерім Отарова, Жылыой ауданынан Алтынгүл Атабаева 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленді. Ұтыс иелері алдағы уақытта ауылдық ҮЕҰ-дар мен бастамашыл топтарға жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешпек. Сондай-ақ, ауыл халқын жобалық басқаруға үйрету арқылы азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етпек.