Жаңалықтар

Қала күніне орай Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен «Atyrau quest» ойын-сауықтық шарасы өтті.

Оның негізгі мақсаты 4 ғасырға жуық тарихы бар мұнайлы өлке туралы тың деректерді ойын арқылы еріктілерге таныстыру.
Шараға жалпы саны 5 адамнан құралған 22 топ тіркеліп , оның 19-ы ойынға қатысты.
Командалар арасында 5 сағатқа созылған бұл ойын қызықты әрі тартысқа толы болды. Қатысушылар сұрақтардың жауабын қаланың әр бұрышынан іздеп, жауабын арнайы чаттарға сурет арқылы жіберіп отырды.

Нәтижесінде берілген тапсырманы тиянақты орындап, 1 орынды «06 Регион»тобы иемденді. Ал 2 орынды «Drem Team», 3 орынды «Рандеву» және «Заманауи» топтары өзара бөлісті.

Ойын соңында аталған шараға белсене атсалысқан 19 топтың барлық қатысушыларына шығармашылық идеялары үшін ынталандыру сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ жүлделі орын алған топтарға «Sulo» кафесіне сертификат пен «Абайдың қара сөздері» кітабы сыйға тартылды.