Белсенді ҮЕҰ

«БолашақК» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Атырау облысы халқына кешенді оңалту-сауықтыру қызметтерін көрсету және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Бисенова Жібек Қуанғалиқызы;

Жобалары:1. "Инсульттен кейін науқастарды оңалту" жобасы
Жобаның мақсаты- инсульт ауруына шалдыққан науқастарды оңалту. Жоба Атырау облыстық нейро-инсульттық орталықпен бірлесіп жасалған. Жоба шеңберінде инсульт алған науқастар ерте реабилитациялық шаралармен қамтылып, оң нәтижеге қол жеткізуге көмек көрсетілді. Жоба әзірге 118 адамды қамтыды.

2. «БолашақК» оңалту-сауықтыру орталық жобасы
Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеп, сауықтыру. Орталықта емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, сылап-сипау маманы, дәрігер-невропотолог, дәрігер-педиатр, логопед-дефектолог, психолог және ембике мамандықтары бойынша 25 маман қызмет атқарады. Жыл сайын 1500-ға жуық пациент оңалту -сауықтыру шаралары бойынша сапалы кешенді реабилитациялық көмек алады.

3. «Болашақ К» қоғамдық қоры жанынан ашылған тілін оқу жобасы
Жобаның мақсаты - Оқу орталығы реабилитация мамандарын дайындау, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін арттыруға арналған. Жоба аясында педогогикалық коррекция мамандары (дефектолог, логопед, эрготерапевт, психолог) және ЕДШ нұсқаушылары оқытылады. Қазіргі таңда оқу курсында жергілікті емдеу-сауықтыру, оңалту мекемелерінен 30-ға тарта маман дәріс алуда. «Кинезиотерапия, кинестетикс, массаж элементтерімен емдік дене шынықтыру әдістері» дағдысы бойынша 20-ға жуық маман оқудан өтті.