Жаңалықтар

Еріктілер жанұяларға көмек көрсетті

Атыраулық еріктілер жарты айда әлеуметтік аз қамтылған 600-ге жуық отбасыға көмектесті. Қайырымдылыққа атсалысып жүргендердің көпшілігі жастар. Олар пандемия уақытында жалғызбасты қарттар мен аналарға, көпбалалы және тұрмысы төмен азаматтарға азық-түлік қаптарын таратуда. Күніне мүмкіндігінше 8 жанұяға жеткізеді.


Еріктілер штабында 100-ге жуық волонтер бар. Олар бес бағыт бойынша көмектеседі. Волонтерлардың жасы 30-55 аралығындағы қала тұрғындары. Олардың арасында таксистер, компания қызметкерлері, үйде отырған жандар, вахтада жүмыс істеген азаматтар да бар.