Жаңалықтар

"Бибі саз" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Махамбет аруы" байқауы өтті

Байқауға Махамбет ауданына қарасты ауылдық окруктерден 9 ару қатысты. Шара барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ, "Ерке сылкым" Атырау кешкі көйлектер топтамасынан дефиле, сұрақ-жауап, жұптар биін билеп өзара жарысты.
image

Байқау қорытындысы бойынша 2019 жылдың "Махамбет аруы" атағын Жалғансай ауылдық округінің аруы Асылзада Киікбаева иеленді. І орынды Карина Каримова, ІІ орынды Жаркынай Рысқалиева, ІІІ орын мен "Мисс INSTAGRAM-2019" номинациясын Жұлдыз Бейбітова, "Инабатты ару" Аружан Сарғожа, "Сымбатты ару" Урсула Маженова, "Көрермен көзайымы" Аида Темірқанатова, "Көркем ару" Айкен Талғат, "Өнерлі ару" Мөлдір Жетпісбаева иеленіп, бәрі демеушілер ұсынған сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталды.
image

Айта кетейік, "Махамбет аруы" байқауы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.