Белсенді ҮЕҰ

«Ер Жүректілер» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық – саяси, спорттық және мәдениеттік өмірге араласуына жәрдемдесу;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Куангереев Мухадия Куангереевич;

Жобалары:1. Ер жүректілер» спорт клубы жобасы
Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандардың ақысыз негізде жаттықтыру, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы байланысты нығайта отырып, оларды қоғамдық ортаға қосу. Қазіргі таңда Махамбет ауданында 1036 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Спорт клубта соның 4% - ы тегін шұғылданады.Үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, зіл темір көтеру және қол күресі,барлығы 7 спорт түрі бойынша жаттығады. Құрылғанына небәрі 2 жыл толса да, көптеген жетістіктерге жетіп үлгерген.Атап айтсақ: шахматтан «Спорт шеберіне үміткер», үстел теннисінен Халықаралық дәрежеде «Спорт шебері» және 2 спортшы тоғызқұмалақтан «Спорт шеберіне үміткер» атағын алды. Қазіргі таңда спорттық клубта 46 мүмкіндігі шектеулі жан спортпен тегін шұғылданады.Оның ішінде I, II және III топ мүгедектері мен 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Ал 30 спортқа қызығушылығы бар адам ақылы негізде үстел теннисіне қатысады. Болашақта «Ержүректілер» спорт клубы тек Махамбет ауданында ғана емес Атырау облысының барлық делік аудандарында өз филиалдарын ашуды жоспарлауда.