Жаңалықтар

Әділет департаментінің мамандары тұрғындарға тегін кеңес берді

Атырау облысы Әділет департаментінің мамандары қала тұрғындарына құқықтық ақпараттандыру түріндегі заңгерлік көмек көрсету мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен кездесу өткізді.

Аталған кездесуге Атырау облыстық адвокаттар алқасының, облыстағы Заң кеңесшілер палатасының, облыстық Нотариаттық палатасының, жеке сот орындаушылар палатасының мамандары қатысып, кездесуге қатысушы тұлғаларға, тегін заң көмегін алушы тұлғалардың санаттары жөнінде кеңінен насихатталып, кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсету тәртібі түсіндірілді, сондай-ақ заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар ұсынылды.
image

Тегін кеңес алу жиынына қатысқан тұрғындар өзін толғандырып жүрген мәселелерін шешуге жауап алды. Жиынға қатысушылардың көпшілігі банктермен келіспеушіліктер,отбасылық,тұрғын үй даулары бойынша, азаматтық және әкімшілік құқыққа байланысты сұрақтар қойды.
image

Шараға қатысушылар тарапынан туындаған мәселелері бойынша жан-жақты заң шеңберінде түсініктер беріліп, кешенді әлеуметтік көмек алу жолдарын айқындады.