Жаңалықтар

Атырауда Үкіметтік емес ұйымдар кездесті

Шараның мақсаты – түрлі саладағы ҮЕҰ басын қосу, жас және кәсіби ҮЕҰ-ларды қолдау, тәжірибе алмасу. Оған қоса азаматтық сектор, бизнес құрылым өкілдері, мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту, әріптестік орнату.
image

Салтанатты кеште Атырау облысы әкімі орынбасары Айгүл Әжіғалиева ҮЕҰ басшыларын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Алғыс хатымен марапаттады. Пікір алмасу алаңына қаладағы ҮЕҰ өкілдері және әлеуметтік кәсіпкерлер қатысты. TedХ форматында өткен шараға спикер ретінде “Біз де адамбыз” қоғамдық қоры жетекшісі Гүлназ Қосмурзиева, “Доброе сердце” қоғамдық қоры жетекшісі Венера Манасова, “Златару” қоғамдық қоры жетекшісі Нина Петрова, “Жарқын болашақ” қоғамдық қоры жетекшісі Дана Ғасырбек қатысты.
image

Айта кетейік, алғаш рет халықаралық ҮЕҰ күні ресми түрде 2010 жылдың 17 ақпанында Балтық теңізі аймағының IX ҮЕҰ форумының 8-ші саммитінде жарияланды. Халықаралық ҮЕҰ күні ресми түрде 2014 жылы 27 ақпаннан бастап Финляндияның Хельсинки қаласында дүниежүзілік деңгейде аталып өтілді.
image
Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 691 ҮЕҰ ұйым тіркелген. Белсенді әрекет етуші ҮЕҰ саны – 147.