Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйым өкілдері іс-сапарда

Аудандық ҮЕҰ өкілдері іс-сапардың 2 күні Гүлбаршын Нұржігітова басқаратын «Мүгедек әлемі» бірлестігінде жалғасты. Ұйымның «Үшқара» инклюзия орталығын аралаған ҮЕҰ өкілдері бірлестіктің болашағы зор екендігіне сенім білдірді.
«Мүгедек әлемі» ұйымы бүгінде мүмкіндігі шектеулі талай жанға қолөнерді үйретіп, ойлау қабілеттерінің дамуына үлес қосып, олардың өмірге деген құлшынысын одан әрі арттырып келеді.
image
image
Келесі нысан Ілияс Үсеновтің «Сенім» мүгедек жандарға арналған спорттық оңалту орталығы. Ашылғанына 2 ай болған бұл жоба «ТеңізШевройл» компаниясының 1 500 000 теңге грантын ұтып алған. Нәтижесінде аз уақытта мамандарды жұмыспен қамтып, сал ауруына шалдыққан балаларға кешенді ем жүргізіп келеді.
Ілияс Үсенов өзінің де тірек-қимыл әрекетіне зақым келгендігіне қарамастан осынша жауапкершілікті арқалап жүр. Оның ендігі мақсаты осы орталықты одан әрі дамытып, инвестиция тарту.
image