Жаңалықтар

Атырауда мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл жасау мәселесі талқыланды

Министр жұмыс сапары барысында Атырауда облыс әкімдігінің қолдауымен ашылған Қазақстандағы алғашқы Азаматтық орталықтың жұмысымен танысты. Орталықтың негізгі міндеті ҮЕҰ құру кезінде көмектесу, әдістемелік көмек көрсету және ұсынылған идеяларды қолдау болып табылады.
image
- Біз осы бағытта өңірде қандай ауқымды жұмыстар жүргізілгенін көріп отырмыз. Бізге іске асырылып жатқан жобаларды таныстырды. Бүгінгі күні азаматтық қоғам деп коммерциялық емес ұйымдардың ғана жасайтын жұмысын айтуға болмайды. Бұл тұрғындардың барлық мүдделі санаттарының жұмысы. Бұл үшін ҮЕҰ құрудың қажеттілігі жоқ, - деп есептейді Дархан Қалетаев. – Республика бойынша 20 мыңдай ҮЕҰ тіркелген, оның 8 мыңы жұмыс жасамайды.
image
Атырау облысында ресми тіркелген 500 ҮЕҰ-ның 100-ге жуығы ғана белсенді жұмыс жасайды.
- Бұл жерде жұмыс жасамайтындарды не істеу керек деген сұрақ туындайды. Олардың қажеті бар ма? Біз ҮЕҰ-ның қайта тіркеуден өтуін талап етеміз бе, әлде әрекетсіз ұйымдарды жоюдың басқа жолдарын табамыз ба. Ойластыру қажет, -деп атап өтті Дархан Қалетаев. – Қазіргі таңда ҮЕҰ-дың санына емес, олар көрсететін қызметтің сапасына баса назар аудару қажет. Жыл сайын мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін бюджет 19 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Тағы 5 млрд теңгеден астам шетелден қаржыландырылады. Әлеуметтік тапсырыс қаншалықты сапалы орындалуда?
image
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде ҮЕҰ мен мемлекеттік мекемелердің арасындағы өзара іс-қимыл бойынша нәтижелі жұмыстар жасалғанын айтып өтті. Түрлі бағыттарда іске асырылатын жобалар қоғамды алаңдататын өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.