Жаңалықтар

Азаматтық орталық Исатай ауданының ҮЕҰ-дарымен және аудан жастарымен кездесті

Негізгі мақсат – аудандағы ҮЕҰ-дардың белсенділігін арттырып, жобалар жазуға үйрету, жастар арасында еріктілік жұмысын насихаттау, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы және іс-тәжірибе алмасу.
image
Кездесуге Азаматтық орталықтың бөлім басшысы Мейрамгүл Есниязова,
«Атырау-Логос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бибігүл Шайхиева,
«Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Даурен Сейтқалиев,
«Айтыс» қоғамдық қорының жетекшісі Абылай Құрметұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арманбек Махмудов, аудандық ҮЕҰ өкілдері және аудан жастары қатысты. Азаматтық орталық бөлім басшысы Мейрамгүл Тарғынқызы өңірге тартылып жатқан гранттар, МӘТ аясында жарияланып жатқан лоттар, Республикалық Дерекқор базасына есеп тапсыру кезеңі мен тапсыру үрдісі туралы айтып өтті.
image
Шара барысында «Атырау-Логос» ҚБ жетекшісі Бибігүл Кәкімжанқызы жастарға арналған тренинг ұйымдастырды. Сонымен қатар, Даурен Нұхұлы мен Абылай Құрметұлы аудандағы белсенді жастардың қоғамдық жұмыстарға деген ынтасын арттыру мақсатындағы жұмыстарды баяндап, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.