Белсенді ҮЕҰ

"Ақжол" Махамбет мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Үкіметтік емес ұйым мақсаты:Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Құрмашев Қайдарбек Сапиұлы

Жобалары:"Ара" ағаш шеберханасы
Жобаның мақсаты ­- халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан жандардың кәсіп игеріп, жұмыспен қамтылуына жағдай жасау. Шеберханада аудан тұрғындары үшін ағаштан түрлі бұйымдар дайындауды үйренуге мүмкіндік беретін 3 айлық курстар мен шеберлік сағаттары өтеді. Ағаш бұйымдарын жасап үйренуге белсенділік танытатын топтардың 40% -ы - мектеп жасындағы балалар мен 60%-ы - ересектер. Шеберханада ағаштан балалар ойыншықтары, баспалдақтар, күркелер (беседка), орындықтар, үстелдер, жалпы халық тұтынатын бұйымдар мен тұрмысқа қажетті заттар дайындалады. Ағаш бұйымдарын жасайтын шеберханада тұрақты түрде кемінде 100 адам шебердің өткізуімен курстарға қатысады. Әзірге 1 ағаш шебері қызмет атқарады.