Белсенді ҮЕҰ

«Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: қайырымдылық, әлеуметтік мәні бар жобаларды іске асыру және Қазақстан халқының саналы да салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Ермуханова Гульбарам Саматовна

Жобалары:1. «Bilim for all» жобасы

Жобаның мақсаты - әлеуметтік тұрғыдан осал топ мүшелері, аз қамтылған және жазасын өтеп шыққан жастарды тегін оқытып, еңбекке араласуына мүмкіндік беру. Ағылшын тілі, дизайнер, тігіншілік, аспаздық, электрик, визажист, маникюр және SMM мамандықтары бойынша тегін оқу курстары ұйымдастырылды. Жоба аясында 700-ге жуық адам білім алып оның 50% өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды.

2. «Венера» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті шеберханасы

Жобаның мақсаты - Орталық жұмысы 5-15 жас аралығындағы аутизм, Даун синдромы, сал ауруы секілді дамуында ерекшеліктері бар балалардың шығармашылық қабілетін, инклюзивті білім алуы мен моторикасын дамыту. Аталмыш жоба бойынша 18 ерекше сәбиге дамыту қызметтерін көрсетілуде. Жоғары оқу орнын бітірген жас мамандарды, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған 3 ананы жұмыспен қамтып отыр.

3. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Марс» инклюзивті шеберхана жобасы

Жобаның мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдерге тегін білім беріп, кәсіпке баулу арқылы еңбекке араласуына мүмкіндік беру. Шеберханада 15 жастап бастап 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен жастар қолөнер бұйымдарын жасап үйреніп, кәсіпті игеріп жатыр.Қазірге уақытта шеберхана мүшелері өз қолдарымен 300-ге жуық гипстен мүсіндер және 200-ге жуық формаға салу арқылы сабынжасап, жәрмеңкелерде сатылымға шықты.
Эл почта: gulbaram_06.88@mail.ru