Жаңалықтар

Облыстық "Тілдарын" олимпиадасы өтті

Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы және қолдауымен, «Жеті жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы өтті.
Шараның мақсаты - үш тілді еркін меңгерген дарынды жастарға қолдау көрсету, қазақстандық патриотизімді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу, өзге халықтардың тілі мен мәдениетін құрметтеуді қалыптастыру. Үш кезеңнен тұрған олимпиадада қатысушылар мәтінді талдап әрі мазмұнын ашып, эссе жазумен өзара сайысқа түсті.
image

Шараның қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен қатар ақшалай сыйлыққа ие болды. Атап айтар болсақ, 1-орынды (100 мың тг) Тимур Мұхамбеталиев, 2-орынды (70 мың тг) Жəнібек Бітімғали, 3-орынды (50 мың тг) Мархаббат Жұмабаева және Самал Мұхтарова иеленді.