Жаңалықтар

«Нұр белес» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен шарада «Қолөнер», «Бисермен тоқу», «Тігу өнері», «Жас аспаз» үйірмелерінің жетекшілері мен оқушылары дайындаған бұйымдары мен тәттілерден көпшілікке ұсынды.
Шараның басты мақсаты - Құрбан айт мерекесіне орай жастар орталықтарына келуші әлеуметтік жағынан қорғалатын топ өкілдерінің балаларын мектепке даяларуға жәрдемдесу.
image

Шара барысында жәрмеңкеде 1000 теңгеден асырып сауда жасаған жандарға лотерея билеттері таратылып, қолөнер бұйымдары ұтыс иегерлеріне табыс етілді. Қайырымдылық шарасы аясында жәрмеңкеден түскен қаражат жастар орталықтарына келуші әлеуметтік жағынан қорғалатын топ өкілдерінің балаларын оқу-құралмен қамтамасыз етуге жұмсалатын болады.