Жаңалықтар

Атыраулық инватакси қызметі жаңа көлікпен толықты

Жүрегі мейірімге толы, бауырмал, өзгеге көмек көрсетуге дайын азаматтар – кез-келген қоғамның басты тірегі. Өңірімізде қайырымдылықты насихаттау мақсатында және де Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында түрлі қайырымдылық шаралары атқарылып келеді. Солардың бірі – НКОК демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы инватаксидің сыйға тартылуы.
image

«Мүгедек әлемі» қоғамдық бірлестігіне сыйланған Газель автокөлігіне демеуші компания тарапынан отыз мың АҚШ доллары жұмсалған. НКОК сыртқы байланыс менеджері Жағыпар Егізбаевтың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инватаксиде арбаны көтеру, орнату механизмдері орнатылған. Сонымен қатар жеті адамға арналған автокөлікте барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген.