Жаңалықтар

Атырауда алғаш рет ҮЕҰ күні атап өтілді

27 ақпан - «Үкіметтік емес ұйым өкілдері» күніне орай, «НПО hub» нетворкинг алаңы өтті. Жобаның мақсаты – Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің бір-бірімен еркін араласып, әр түрлі саладағы бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдерімен өзара байланыс орнатуына ықпал жасау, тәжірибе алмасу және өз идеяларымен бөлісу үшін нетворкингтік алаң ұйымдастыру. 
image

Шараның ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Жамбылұлы сөз сөйледі. Шара барысында спикерлер өздерінің қызықты оқиғаларымен бөлісті. Келген қатысушылар бір-бірімен танысып, визитка алмастырды. Шара әрбір қатысушының көңілінде ерекше әсермен есте қалды.