Жаңалықтар

"Өзгеге өмір сыйла" қан тапсыру акциясы өтуде

Акцияның мақсаты – осындай шаралар арқылы ұжымдық белсенділікті арттыру және қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету. Шараны Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» ұйымдастырды. Акция ертең де жалғасады.




Акцияға әр түрлі саладан қала тұрғындарынан барлығы 35 адам қатысты қатысты. Оның ішінде 31 адам донор болып, 15 л қан тапсырды. Донорлар тапсырған қан хирургиялық аурулар, гемотологиялық, гинекологиялық ауруларға және ауыр жол апатына түскен жандарға шұғыл түрде құйылады.




Донорлық – өз қаныңды мұқтаж жанға сыйлау, оның өмірін құтқару. Кез келген адам қан тапсырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексеруден өткізіледі. Қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар да (әйелдерде - 110 г/л, еркектерде - 120 г/л) уақытша донор бола алмайды. Сондай-ақ, қан тапсырардан біраз бұрын ота жасатқандар, тісін емдетіп немесе жұлдырғандар, дәрі-дәрмек ішкендер, екпе салдырғандар, эндемиялық аудандарға барып келгендердің донор болуына уақытша шектеу қойылады