Жаңалықтар

Студенттерге құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірілді

Бүгін «Адамгершілік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ЖОО-да заңгер мамандығы бойынша білім алып жатырған студенттің құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Мақсаты – болашақ заңгерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Шараға 15 студент қатысты.



Үш күндік семинардың алғашқы күнінде «Адамгершілік» қоғамдық қорының төрайымы, заңгер Салтанат Рахимова «Тұтынушы құқығы қалай қорғалады?», «Тұтынушы құқықтарының түсінігі» тақырыптарында түсіндірді. Қоғамдық қор төрайымы қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, өзінің тәжірибесінен түрлі мысалдар келтірді.
Семинар 5-6 маусым күні де жалғаспақ. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.