Жаңалықтар

«ЗАҢ clinic» жобасы

Өмірде тәжірибелі заңгердің көмегіне мұқтаж болатын кездер жиі кездеседі. Жол қозғалысы, қылмыстық құқық, сақтандыру мәселелері, банктермен және коллекторлармен келіспеушіліктер, еңбек даулары, отбасылық және бизнес сұрақтары. Осындай жағдайларда сенімді және кәсіби заңгерді қалай табуға болады? Атырау облысы тұрғындары үшін «Азаматтық орталық» мекемесінде «ЗАҢ clinic» жобасы бастау алды. Жоба мақсаты:
* Тегін құқықтық кеңес беру;
* Тұрғындардың құқықтары мен міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау;
* Қоғамнан өз орнын табуға ықпал ету;
* Мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу.

Мекен жайымыз: М.Өтемісов көшесі, 88. Байланыс телефоны: 87786639263