Белсенді ҮЕҰ

"Атамұра" қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Мемлекеттік тілді, ұлттық салт дәстүрді дәріптеу және Атырау облысы жастарының шығармашылығын дамытуға жағдай жасау, көшбасшылыққа баулу мақсатында шаралар ұйымдастыру;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Қатешова Ағиба Мұстажапқызы;

Жобалары:«Зергер сөз» мектебі жобасы
Жобаның мақсаты - ересектер мен жасөспірімдердің өз ана тілдерінде сауатты, мәдениетті және шешен сөйлеу қабілетін дамыту. «Зергер сөз» мектебі жобасы аясында ересектер мен жасөспірімдерге арналған ораторлық курс жүзеге асуда.

Көп балалы, аз қамтылған және жетім балаларға оқу тегін жүргізіледі. Атырау қаласының 4 колледжінің кемінде 150 студенті тегін мастер кластарға қатысты.