Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдар мен қаламыздағы медиаторлардың кездесуі өтті

Кездесуге "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ медиация орталығының Атырау облыстық филиалының басшысы, медиатор Рысты Қалиева, "Медиацияны дамыту орталығының Атырау облысы бойынша өкілдік директоры Марданова Гүлбаршын, "медиаторлар Ұлттық палатасының" өкілі Мұхтарова Марина Кеңесқызы қатысты.
 -Медиация даудың немесе сотта қаралатын іске қатысушылардың белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен қатар, тараптардың дауды реттеуі мен оны шешуінің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады. Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу, – деп атап өтті медиатор Рысты Қалиева.