Таңдаулы

TOP-5: Атыраудағы белсенді қайырымдылық қорлар

Қайырымдылық қорлары мұқтаж жандарға көмек беріп қана қоймай, жаңаша дүниетаным қалыптастырады. Атырау қаласындағы қайырымдылық қорлары да түрлі бағытта жұмыс істейді. Бұл материалда қаламыздағы белсенді қайырымдылық қорлары туралы мәлімет ұсынамыз.

  1. «Атырау-Рауан» қоры
2014 жылы құрылған қор бүгінге дейін 110-нан астам отбасылық жағдайы төмен отбасылар тіркелген. Қоғамдық қор өзінің жұмысын қаржылай көмек көрсетіп отыратын демеушілермен, сондай- ақ қоғам игілігі үшін пайдасын тигізуді көздеп жүрген еріктілердің көмегімен атқарады. Қордың 4 көмек көрсету жобасы бар. Олар: “Береке”, “Мектепке жол”, “Жанұя жанұяға көмектеседі”, “Ең керемет күн”. Бұл жобалар арқылы жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға және жетім балаларға көмектеседі. Желтоқсан айында «Атырау-Рауан» қоры «Жайлы баспана» қайырымдылық кешін ұйымдастырып, 1 жалғызбасты анаға баспана сыйлады.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Қ.Сатпаев көшесі 48 г
+7 (7122) 20-02-88
+7 (707) 922 44 44
E-mail: info@atyrau-rauan.kz

 2. «Шәкірт» қайырымдылық  қоры
11 қыркүйек 2018 жылы құрылған қорда еріктілер тобы қызмет етеді. Олар балаларға қосымша сабақтар мен ағылшын тілін оқытады. Қазіргі таңда кіші және орта топтағы 6 топқа аптасына 3 рет сабақ өтеді. Сонымен қатар, 2020 жылдың 2 наурызында «Шәкірт» қайырымдылық қоры Қазақстандағы АҚШ елшілігінің «Access» бағдарламасының грантын жеңіп алды. Яғни, 13-15 жас аралығындағы осал топтағы балаларға ағылшын тілін 2 жыл үйретеді. Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Қ.Сатпаев көшесі,34
Телефон:  +7 (702) 434 93 87

3. «Жылы жүректер» қайырымдылық қоры
 2018 жылы қараша айында құрылған қор қайырымдылық кештері мен жәрмеңке ұйымдастырады. «Назеркемен кездесу» қайырымдылық кеші мен жәрмеңкесінен (15 миллион теңге), «Күнім, сен сөнбеші» қайырымдылық концерті, Мадина Серікованың еміне арналған «Мен тірі қалғым келеді» қайырымдылық кеші (132 мың теңге) ұйымдастырылды.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Ә.Молдағұлова, 131
Телефон: +7 (702) 323 55 69

4. «Асу Үміт» қоры
Қор 2018 жылы қараша айында құрылды. «Жақсылыққа бір қадам» жобасы арқылы көпбалалы аналар мен жалғызбасты ата-әжелердің үйін жинауға көмектесіп жүр. Супермаркеттерге қайырымдылық сөрелерін орнатты.  Одан бөлек, университетте түрлі жәрмеңкелер, кинокөрсетілімдер ұйымдастырып, жиналған қаражаттарды мұқтаж жандардың еміне, қайырымдылыққа беріп жүр. Қордың бір жылдық есеп беру концертінде Алан есімді бүлдіршіннің еміне торт пісіруден шеберлік сыныбын өткізіп, қаражат жинап берді. Сондай-ақ, "Жылы жүрек- жомарт қол" акциясы аясында мұқтаж жандарға киім-кешектер жинап, үлестірді.
 Телефон: +7 (702) 978 98 93;  + 7 (778) 205 39 79

5. «Игі іске бастама» қайырымдылық қоры
2019 жылы мамыр айында құрылған қордың мақсаты - әлеуметтік осал топтарды қолдау және қорғауға әлеуметтік көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттауға және дамытуға спорттық іс-шаралар ұйымдастыру. "Игі іске бастама" қоғамдық бірлестігі ашылғаннан бері 250 - ден астам көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды бірлестік киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта әлеуметтік жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, "CarCity" сауда орталығы (Үш жүз), Ш.Еркінов, 75а
Телефон: +7 (701) 394 03 38
+7 (775) 926 37 41
E-mail: iib.atyrau@mail.ru