Конкурстар

Достар, сіздерді «Күміс волонтер» болуға шақырамыз!

Достар, сіздерді «Күміс волонтер» болуға шақырамыз!

Қазақстанда бұл қозғалыс енді қарқынды даму үстінде және 50 жастан асқан аға буын өкілдерінің арасында белсенді өмір сүруді үлгі етуде.

Біздің мақсатымыз - жас ерекшеліктеріне қарамастан азаматтардың волонтерлікке қатысуын кеңейту.

Бізбен бірге өзін-өзі дамыту әлеміне аттаныңыз!

Күміс еріктілер қатарына қосыла отырып, сіз:

▫️Еліміздің қоғамдық өміріне белсенді қатыса аласыз;
▫️Жаңа бағытта өзіңізді жетілдіріп, айналаңыздағы адамдардың дамуына оң ықпал ете аласыз;
▫️Білікті тренерлердің, медиаторлардың, психологтардың және басқа мамандардың тренингтері арқылы өз ой өрісіңізді кеңейтесіз.

Бізге қосылып, қоғамымыздың дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!

Жобаны іске асыру мерзімі: 3 ай (тамыз, қыркүйек, қазан 2020 жыл)
Жиілігі: аптасына 2-3 рет
Жобаның форматы: онлайн
Жобаның географиясы: Қазақстан Республикасының 14 облысы және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары
Ұйымдастырушы: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»  КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Алматы қ. бойынша «Болашақ» Қауымдастығы

Жобаға тіркелу сілтемесі: https://assotsiatsiya-bolashak.timepad.ru/event/1406013/

Жобаның толық бағдарламасын тіркеу кезеңінен өткеннен кейін жібереміз

#qogamgov #cisc2020