Жаңалықтар

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы 2019 жылды қорытындылады

Брифингке Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-сі директорының орынбасары Ж.Каускалиева, Атырау қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Идрисова, «Атырау облыстық «Білім –Инновация» лицей –интернаты» КММ-сі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Абибулла қатысты.
image

Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылы 6,5 млрд. теңгеге 144 жоба, оның ішінде 60-тан астам жоба жергілікті демеушілердің қолдауымен жүзеге асты. Жоба аясында ұйымдастырылған 1 мыңнан астам түрлі сипаттағы іс-шараларға 450 мыңнан астам адам қатысты. «Туған жер» жобасы аясында 2019 жылы жергілікті меценаттардың және іргелі мекемелердің қолдауымен ауылдық елді мекендерде 27 әлеуметтік нысан пайдалануға берілсе, ауылдық 15 елді мекендегі демалыс орындары, ескерткіштер мен аялдамалар абаттандырылды.
Сонымен қатар, бағдарламалық мақала аясында Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұзақ мерзімді қамтитын «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жүзеге асуда.
Аталған бағытта ағымдағы жылы «Жас отбасы» форумы, Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына арналған халықаралық «Абай әлемі» фестивалі, «Ұлағатты жырлар - ұрпаққа мұра» атты облыстық фестивалі, «Жаныңда жүр жақсы адам...» меценаттар мен демеушілердің қолдауымен жүзеге асатын байқаулар, «Волонтер 50+» қозғалысы, т.б. шаралар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткізілетін болады.