Жаңалықтар

"Кітап оқып, рухани бай бол" байқауының жеңімпаздары анықталды

14 қарашада "Кітап оқып, рухани бай бол!" байқауының екінші кезеңі өтті. Шараға Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары, белсенді жастар, студенттер, аудан оқушылары қатысты. Бұл байқау ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі селекторлық кеңес хаттамасының 2.4 тармағын орындау мақсатында ұйымдастырылды.
image

Атырау тұрғындарының арасында өткен «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауының мақсаты - оқу мәдениетін дамыту және қолдау, халық арасында үздік көркем әдеби шығармаларды кеңінен тарату арқылы оқырман азаматтар санын көбейту, оқу мәдениетін қалыптастыру, қазақ және шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттау.
image

«Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауының бірінші кезеңінде қатысушылар өздеріне ұнаған шығармаларын әлеуметтік желілерде жариялады. Екінші кезеңге осы әлеуметтік желілерде үздік деп танылған қатысушылар қатысты. Жеңімпаздарды және жобаға арналған әдебиеттер тізімін ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы анықтады.