Белсенді ҮЕҰ

«Алтын Тұғыр» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге атсалысу, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру

Үкіметтік емес ұйым бағыты: халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Қалиева Арайлым Өтемісқызы

Жобалары:
1. «Шаңырақ» жобасы.
 Жобаның мақсаты- халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдап, жылына 1 отбасыға баспана алып беруге жәрдемдесу. «Ембімұнайгаз» АҚ қолдау білдірген бұл жоба аясында 2019 жылы Исатай ауданының Ақыстау ауылының тұрғыны, көп балалы отбасы Оразақов Арман баспаналы болды. Нұр Отан партиясы ұйымдастыруымен «Үздік әлеуметтік жобалар» сайысына қатысып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірі Б.Нұрымбетовтың «Қазақстанның Үздік Әлеуметтік жобасы» бойынша алғыс хатына ие болды. Бұл жоба осы жылыда өз жалғасын тауып, 1 отбасыны баспанамен қамтамассыз етуге жәрдемдеседі.

2. «Отбасы-мейірім мекені»
Бұл жоба - көп балалы отбасының балаларына арналған жоба. Мақсаты- балалардың рухани және танымдық қасиеттерін дамыту. Жоба аясында 10 көп балалы отбасынан шыққан 15 бала Атырау облысының тарихи- өлкетану музейіне барып,құнды жәдігерлермен танысса, қала кітапханасына барып түрлі жанрдағы кітаптармен танысып, сауаттарын ашты. Сонымен қатар, қала кинотеатрларына барып мультфильм тамашалап, қаланың көрнекті жерлерімен танысты. « Отбасы – мейірім мекені » жобасы аясында жылына бір рет, бір күндік саяхат ұйымдастырылып тұрады.

3. «Шуақ» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолөнер шеберханасы.  
 Жобаның басты мақсаты – суретшілікке, тігін тігуге қабілеті бар кем дегенде 5 мүмкіндігі шектеулі жандар мен тұрғындарды жұмыспен қамту және сол арқылы қоғамнан өз орнын табуға жəрдемдесу. Шеберхана мүшелерінің жасаған жұмыстары арнайы жәрмеңкелерге шығарылады. Қазіргі таңда шеберханада арнайы мамандар арқылы 15 қатысушы тігінші мамандығын игеруде. Шеберхана арқылы қазақи нақыштағы бұйымдар даярланып, Ресей Федерациясындағы Санкт-Петербург қаласының «Легко-Легко» керамикалық шеберханасымен бірлесіп, жәрмеңкелер ұйымдастыру жоспарлануда