Жаңалықтар

Атырауда тұңғыш рет Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мектеп ашылды


«ҮЕҰ мектебі» аталатын бұл жобаның мақсаты – ҮЕҰ өкілдерінің әлеуетін көтеру, үшінші сектор мен қауым арасындағы байланыс, жеке брендинг, жобалау менеджментінің тиімділігі мен МӘТ порталына дұрыс құжат тапсыру жолдарын үйрету.
image
Жобаның алғашқы спикері ҮЕҰ дамыту бойынша маман, тренер Шынар Изтелеуова «ҮЕҰ мен қоғам» тақырыбында тренингін өткізді. Тренингте ҮЕҰ мен қоғам арасындағы байланыс, үшінші сектордың мемлекетке қажеттілігі туралы айтылды.