Белсенді ҮЕҰ

«Атырау Рауан» қоғамдық қоры

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Әлеуметтік осал топ мүшелеріне жәрдемдесу,қайырымдылық көрсету.Әлеуметтік мәні бар жобаларды іске асыру;

Үкіметтік емес ұйым бағыты: Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Өтеғалиев Әсет Теңізбайұлы

Жобалары:1. «Мектепке - жол» акциясы
Жобаның мақсаты – Атырау қаласының әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына мектепке бару үшін барлығы 17 атаудан тұратын, сөмкеден бастап оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз ету. Әр жыл сайын қор кемінде 250 балаға сөмке таратып, қуаныш сыйлайды. Аталған жоба бойынша 5 жыл ішінде 1000-нан астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қажетті мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.

2. «Береке» азық-түлік себетін тарату жобасы
Жобаның мақсаты - әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды күнделікті қажетті азық- түлікпен қамтамасыз ету. Жоба аясында 1 күннің ішінде қорға тіркелген 141 әлеуметтік жағдайы төмен жанұяға азық – түлік қораптары таратылады. Бір қораптағы азық-түлік шамамен 15000тг құрайды.

3. «Ең керемет күн!» жобасы
Жобаның мақсаты - балалар үйінің тәрбиеленушілерін сергіту арқылы олардың өмірге деген құлшынысын арттыру,қуаныш сыйлау. Алғашында жоба «Шаңырақ» балалар үйінің 62 тәрбиеленушілеріне арнап ұйымдастырылды. Соңғы жылдары қорға тіркелген 140 әлеуметтік жағдайы осал отбасылардың балаларына да ұйымдастырылады.
Эл почта: atyrau.rauan@gmail.com