Белсенді ҮЕҰ

«Aqiqat» қоғамдық бірлестігі

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтарды іске асыру және қорғау, өзінің мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін сақтау үшін Қазақстан аумағында орыс және басқа славян халықтарының еркін және тең құқылы дамуы үшін жағдай жасау.
Үкіметтік емес ұйым бағыты: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау.
Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Габдуллин Газиз Жолдасович

Жобалары:
1.    «Көкпар» ойыны
2019 жылы наурыз айында Мақат ауданы Доссор кентінде «Aqiqat» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен еріктілер мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» ойыны ұйымдастырылды. Ұлттық ойынға Атырау облысының түкпір-түкпірінен атап айтқанда, Атырау қаласынан, Қызылкога, Индер, Жылыой аудандарынан қатысуға өтініш білдірді. Ойын жаппай және топтық болып екі түрде өткізілді. Қызықты өткізілген шара тікелей эфир арқылы «24 Хабар» телеарнасында және ютуб  каналына жарияланды.
2.    «Мектепке жол» акциясы
   2018-2019 жылдары тамыз-қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы жүзеге асырылды.Акция аясында жалпы соммасы 400 000 теңге жинақталып, 20 аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларының мектепке қажетті мектеп формасы, спорттық киім-кешектермен және қажетті концеляриялық құралдармен көмек көрсетілді.