Жаңалықтар

Бүгін Атырау облысы әкімінің белсенді ҮЕҰ өкілдерімен фасилитация форматында кездесу өтті.

Бұл-қатысушылармен топтық жұмыс негізінде нәтижелі қортындыға келу форматы.

Кездесудің негізгі мақсаты - Атырау облысы бойынша өзекті мәселелерді анықтау,талқылау және шешу жолдарын қарастыру.

Кездесуге 50 адам қатысты.

Шара барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы елімізде әлі шешімін таппаған әлеуметтік және білім саласында көптеген мәселелер бар екеніне тоқталып ,соны бірігіп шешуге шақырды.Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде волонтерлармен бірге ұйымдардың атқарған бірқатар жұмыстарын атап өтіп, алғысын білдірді.

Кездесу барысында қатысушылар танысып, ойларын ортаға салып , идеялар алмасты.

Кездесу соңында облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлына қатысушылар әр саладан жобаларын ұсынып, үздік 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланды.

⠀Атап айтсақ,
1. Медицина бағытында, яғни, балаларға арналған онкологиялық орталықтарын ашу, балаларға арналған сауықтыру орындарымен жабдықтау.
2. Экология бағытында, ауаны бұзатын ластаушы көздер мен “Жайық”өзенінің жағдайы
3. Панасыздарды қамқорлау
4. Кәсіби бағыт бағдар беретін жастарға арналған шаралар.
5.⠀Шағын және орта бизнесті қолдау

Айта кетейік,облысымыздағы барлығы 657 ҮЕҰ бар ,оның 120-сы белсенді жұмыс атқарады.