Жаңалықтар

Атырауда алғаш рет аймақтық әлеуметтік кәсіпкерлердің форумы өтті

Атырауда алғаш рет 28 маусым - Халықаралық әлеуметтік бизнес күніне орай, аймайқтық әлеуметтік кәсіпкерлер форумы өтті.

Форум аясында еліміздің және Ресейлік бизнес өкілдерінің шеберлік сағаттары мен тәжірибе алмасу бағытындағы тренингтері өтті. Форумға қатысушылар мен әлеуметтік кәсіпкерлер бір-бірімен жақын танысып, визитка алмасты. Форум соңында апталықтың қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындармен марапатталып, арнайы сыйға ие болды.
image
image
Апталық қорытындысы бойынша Арнайы сыйға ие болғандар:
  • Нұр-Сұлтан қаласынан келген "Адал ниет" ҚҚ директоры, әлеуметік кәсіпкер Бисенбаева Бибісара арнайы сыйлығын "Венера" инклюзия орталығының директоры Ермұxанова Гүлбарамға табыстады.
  • «Венера» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті шеберханасының мақсаты - ерекше балаларды дамыту, олардың аналарын жұмыспен қамтамасыз ету, балалардың болашақта білім алып, еңбекпен қамтылуына жағдай жасау.
  • "Ленинград әлеуметтік инновациялар" орталығының директоры Ирина Вишневская Арнайы сыйлығын "Мөлдір көз" ҚБ жетекшісі Жолдас Ғұмаровқа табыстады.
image
image
Қоғамдық бірлестік көру қабілеті нашар 15 адамды Брайль жүйесі арқылы компьютерлік сауаттылыққа үйретті, Атырау қаласы және аудандардағы зағип жандарға 93 аудиокітап сыйға тартты. «Жартылай фабрикатталған өнімдер цехында 11 маман тұрақты жұмыспен қамтып отыр, сондай-ақ, дайындалған өнімдер сауда орталықтарында сатылады.
image
image
Апталықтың қорытындысы бойынша, арнайы орынға ие болғандар:
 1 - орын - ТМД елдеріне іс-тәжірибеден өтуге жолдама
Бисенова Жібек Қуанғалиқызы - «Болашақ К» қоғамдық қорының жетекшісі.
Орталықта инсультке шалдыққан 170 науқасқа, 260 мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін көмек көрсетілді.
2 - орын - Қазақстан қалаларына іс-тәжірибеден өтуге жолдамаҚуангереев Мұхадия Қуангерейұлы - «Ер жүректілер» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
«Ер жүректілер» сауықтыру спорт клубына 45 мүмкіндігі шектеулі бала қатысады, олардың 2-і республикалық деңгейде жүлделі орынға ие болды. Ирина Нейбарт - «Neibart» тігін цехының директоры. Тігін цехында 6 әйел «тігінші», «кестелеп тігу» мамандықтары бойынша оқып жаңа мамандық алса, 1 әйел тәжірибесін жүзеге асырып, өз ательесін ашты.
3 - орын -  Елешева Гүлжан - «Туған жер» балалар туризмі, экология және өлкетану клубының жетекшісі. Жазғы лагерде 120 әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары бар. Балалар бойына туризмдік дағдыларды қалыптастыру үшін 30-дан астам шаралар ұйымдастыруда.

Джакупова Тыныш - «Өмір гүлі» Атырау облысының мүгедектер шығармашылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі
Тыныш Дүйсешқызы ансамбль мүшелеріне үй жағдайында дайындық жұмыстарын жүргізеді және сол жерде қолөнер жұмыстарымен айналысу үшін арнайы шеберхана жасақталған.
Ансамбль құрамында 120-дан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар.