Белсенді ҮЕҰ

Атырау облысы бойынша Іскер Әйелдер Қауымдастығы;

Үкіметтік емес ұйым мақсаты: Қызмет саласына қарамастан, іскер әйелдердің жоғары мәртебесі мен беделін қалыптастыру; 

Үкіметтік емес ұйым бағыты: отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;

Үкіметтік емес ұйым жетекшісі: Әйтиева Нұрлы Тельманқызы;

Жобалары:
1 . «Балаларға шаттық сыйла»
1 маусым «Балалар күніне» орай №16 Балабақшаға акция жүргізілді. Шара кезінде қызықты концерттік бағдарлама қойылып, балаларға ізгі ниетпен сан алуан сыйлықтар, кітаптар және ойыншықтар берілді. Балабақша аумағында гүлдер мен көшеттер отырғызылды. Қауымдастықтан 15 әйел қатысты. Акция «Шаңырақ» атты балалар ауылында жалғасты.

2. «Менторинг как инструмент развития бизнеса» атты тренинг.
Атырау қаласының барлық аудандарында Іскер Әйелдер Қауымдастығы бастаған «Менторинг как инструмент развития бизнеса» атты тренинг басталды. Тренингке 30 әйел қатысып, қызығушылық танытты.