Жаңалықтар

Атырауда «ЗАҢ clinic» жобасы басталды

Аталған жобаның мақсаты қала тұрғындарына құқықтары мен өз міндеттерін білуіне мүмкіндік жасау, мәселелердің заң шеңберіндегі шешімін табуға жәрдемдесу. Жоба аясында тәжірибелі заңгерлер тегін құқықтық кеңес береді. «ЗАҢ clinic» жобасының алғашқы кеңес берушісі - «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның» Атырау облысы бойынша филиалы директоры Асел Нұрғазиева.
Бүгінге дейін азаматтардан 40-қа жуық өтініш келіп түскен, оның 20-сына тегін кеңестер берілді.